«ҚАСИЕТТІ МАҢҒЫСТАУ» ФИЛЬМІ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ.

19.05.2021 18:55

ҚР Президенті Телерадио Кешені Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өңірлердің дамуы жайында деректі фильмдер дайындауда.

Оның алғашқы саны Маңғыстауға арналды. Облыс әкімі Серікбай Трұмов аймақтың дамуы жайында сұхбат берді. Ерекше форматта дайындалған фильмде Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының актеры Медғат Өмірәлиев арқылы киелі өлкенің жетістігі жеткізілді.

«Тәуелсіздік алғалы бері өңір тұрғындарының саны екі есеге өсіп, бүгінде 720 мың адамға жетті. Облыста халықтың өмір сүруіне жайлы жағдай жасалғандықтан бізде табиғи өсіммен қатар, облысқа өзге өңірлер мен шет мемлекеттерден көшіп келушілер көбейді. Елбасының сарабдал саясатының арқасында жүз мыңдаған қандасымыз тарихи отанына оралса, сол ағайындардың басым бөлігі Маңғыстауға қоныс аударды. Тәуелсіздік жылдарының тағы бір жемісі - Маңғыстаудың шекаралық облыс ретінде транзиттік, көліктік-логистикалық және инфрақұрылымдық-сервистік тұрғыда да әлеуеті артты.

Айта кетейік, деректі фильмді Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені "Қуатты өңірлер – қуатты Қазақстан"арнайы жобасы аясында түсірген.

Фильмнің ұзақтығы-35 минут.