Ақтауда жаңа муралдар пайда болды

20.05.2021 17:06

Алғашқы мурал - халық жазушысы Әбіш Кекілбаевқа арналды. Суретті 4 шағын аудандағы 2 үйден көруге болады.
Мұнан соң ақын Фариза Оңғарсынова мен Есенғали Раушановтың муралы салынады. Әр суретті бейнелеуге 4-5 күн кетеді.

Ал мәңгілік алау ескерткішіне қарама-қарсы орналасқан үйлердің қасбетіне қазақтың үш батыр қызы - Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова мен Хиуаз Доспанованың суреті салынады.

Осылайша Ұлы отан соғысында от кешкен жандардың ерлігіне құрмет көрсетілмек.Жалпы қаладағы 10 үйдің сыртқы қабырғасында мурал пайда болады.

Бұл жұмыстарды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “Ел игілігі үшін” жобасы аясында Ақтау қаласының әкімдігі жүзеге асыруда.