Альпинист Мақсұт Жұмаев Лобуче шыңына шықты

11.05.2021 00:00

Қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев 6119 метрлік Лобуче шыңында Қазақстанның Туын желбіретті. Ол мұны Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнады. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.

Спортшы шыңға таңертең шығып, лагерьге кешке оралған.

Қазіргі уақытта альпинист Катмандуда. Оның айтуынша, Непалдағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты локдаун жарияланған. Енді карантиннің жеңілдеуін күтіп отыр. Алайда Мақсұт Жұмаев өз миссиясын сәтті орындап шыққан.