Қазақстандықтар ҚР жаңа тарихын білуге арналған онлайн-тест тапсыра алады

05.08.2021 15:57

Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде іс-шаралар навигаторы сайтында Қазақстанның жаңа тарихын білуге арналған онлайн-тест іске қосылды https://30jyl.kz/test/.

Квизда КСРО ыдырағаннан кейінгі еліміздің даму кезеңдері, 1991 жылдан қазіргі сатыға дейінгі уақыт шежіресі туралы сұрақтар жинақталған.

Жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қасындағы жобалық кеңсемен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған.

Онлайн-тест 30jyl.kz – ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткізілетін барлық іс-шаралар туралы анонстар мен жаңалықтар орналастырылатын арнайы сайтта әзірленді. Шілде айынан бастап 30jyl.kz сайтында кез келген интернет қолданушылар тәуелсіз Қазақстан тарихын қаншалықты жақсы білетінін байқап көре алады.

Тестіден өту қорытындысы бойынша әр қатысушы өзінің дербес онлайн-сертификатын алады. Барлық қатысушылардың нәтижелері дұрыс жауаптар саны мен жұмсалған уақыт негізінде қалыптасатын жалпы рейтингке енгізіледі.

Жыл соңында ең нәтижелі қатысушылар естелік сыйлықтарға ие болады.