«Рамазан сыйлығы» қайырымдылық шарасы өтті

23.04.2021 00:00

Ел  тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай  «Рамазан сыйлығы»  акциясы өтті.  Шара Біріккен араб әмірліктерінің елшілігі  мен  Nur Otan партиясының елордадағы филиалының бірлескен жұмысының арқасында жүзеге асып келеді, деп хабарлайды 30jyl.kz порталы BAQ.KZ АА сілтеме жасап.

Мақсат-қасиетті рамазан айында мұқтаж жандарға көмек қолын созу.

Бүгін өтіп жатқан шарамыз тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналады.Елордамымыздың әкімі Алтай Көлгіновтың бастамасымен қайырымдылық шарасын қолға алған едік. Осыған дейін жоба аясында 4,5 мыңға жуық адамды азық-түлікпен қамтыдық. Бүгінде жобамыз өз жалғасын тауып отыр, - деді Nur Otan партиясының қалалық филиалының бірінші төрағасы Сақтаған Сәдуқасов.

Көмекті көпбалалы аналар, ерекше қажеттіліктері бар отбасы және жалғызбасты ардагерлер алды.

Жүзге тарта азық - түлік себеті таратылды. Оның ішіне ұн, күріш, май  сынды түрлі азық өнімдері бар. Шара барысында материалдық демеуге ие болғандардың бірі Назира Омарава қайырымдылық қорын ұйымдастырушыларға  жылы лебізін жеткізді.

Бүгінгі жақсылықтарыңызға алғысым шексіз. Аспандары ашық болсын әрқашан. Рамазан айында оразалары қабыл болсын. Үкіметімізге рақмет айтамын, - деді көпбалалы ана.