Рудныйда Тәуелсіздік аллеясы пайда болды

26.04.2021 00:00

Аллея Рудный қаласындағы «Достық» саябағында Тәуелсіздік аллеясына 25 жас шырша отырғызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рудный қаласының әкімі Қуандық Іспергеновтің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап.

«Саябақта шырша ағашының пайда болуы оны рудныйлықтар үшін бұдан да жайлы, тартымды етіп отыр. Бұдан басқа, шырша ауаға жақсы әсер етіп, қоршаған ортаның жақсаруына септігін тигізеді», - деп атап өтті қала әкімі өзінің жазбасында.

Аллеяның Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына қарсы ашылғаны атап өтілді. Болашақта мұнда шаған, ақтеректер және басқа да ағаш түрлерін отырғызу жоспарланып отыр.