Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» атануы және ХҚТУ-ің 30 жылдығына арналған Қазақстан Республикасының ХІ жазғы Универсиада ойындары басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ХІ жазғы Универсиада 30 спорт түрінен жарыс өтеді. Еліміздегі 25 университеттің студенттері өзара сайысқа түсті. Универсиада аясындағы жарыстар Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан, Тараз, Қостанай, Өскеменде өтуде. Шара барысында барлық карантин талаптары сақталады.
Спортшылар ПТР тестінен кейін жарысқа жіберіледі. Жеңімпаздар 2022 жылы Қытайда өтетін Дүниежүзілік жазғы Универсиадаға Қазақстан Республикасы студенттер құрама командасы сапында қатысып, ел намысын қорғайды.