Түркістанда «Кітапханалық керуен – 30 ауылға» атты кітап фестивалі өтеді

15.04.2021 00:00

Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев брифингте өңірдегі 390 кітапханада былтыр 3858 көпшілік іс-шара ұйымдастырылып, оған 230 382 оқырман қатысқанын атап өтті. Сондай-ақ, өңір кітапханалары 121 686 дана жаңа кітаптармен толыққан. Бұдан бөлек, «Ең көп оқылатын 100 кітап», «Алтын қорға үлес қос», «Кітапханаға сый» акциялары ұйымдастырылып, 18 090 дана кітап кітапханалардың қорына сыйға берілген.

«Халыққа қазіргі заман талабына сай қызмет көрсету мақсатында, Nur Otan партиясының жобасына сәйкес, бірқатар аудандар мен қалалардағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінен коворкинг орталықтары ашылды», деді Әзімхан Серікұлы.

Сондай-ақ басқарма басшысының мәлімдеуінше,  биыл «Театр көктемі-2021» түркі халықтарының театр фестивалі, «Түркістаным – Тұраным» түркі халықтары суретшілерінің симпозиумы, «Түркілер төрі – Түркістан» түркітілдес елдер ақын-жазушыларының кездесуі және кітап көрмесі, «Алтын сақа» түркі әлемінің анимациялық фильмдері, «Сәлем саған, Түркістан» өнер фестивальдерін өткізу жоспарлануда.

Дереккөз: Egemen.kz