Талдықорғанда Тоғызқұмалақ пен шахматтан ашық турнир өтті

22.10.2021 19:12

22 қазан күні Талдықорған қаласында Журналистер үйінде БАҚ өкілдері арасында Тоғызқұмалақ ұлттық ойыны мен шахматтан ашық турнир өтті.
Іс-шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өтті.

Зияткерлік спорттық іс-шараны "Jetisy Media" КММ Оқушылар сарайымен бірлесіп ұйымдастырды.

фото (4).jpg

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыс ақыл-ой дамуына әсер ететін ұлттық және зияткерлік ойындарды насихаттау және танымал ету мақсатында өткізілді.
Турнирге қалалық, облыстық және республикалық БАҚ-тың 20-ға жуық өкілі қатысты.
Шахматтан Данияр Сейсенбаев, Медет Бердешев және жарқын Кентаев жүлделі орындарға ие болса, тоғызқұмалақтан Айжан Бодыбай, Ришад Тұрғанбай және Айдар Қалиев үздік атанды.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.