Жақып Ақбай және Алаш зиялылары

17.05.2021 11:08

Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Майқұдық» ықшам ауданында орналасқан №34 орта мектепте Алаштың рухын асқақтатқан тағылымды іс-шара өтті.

 Іс-шара мектепте Алаш қайраткері Жақып Ақбай туғанына 145 жыл толуына тұлға атындағы музейдің тұсаукесерімен жалғасты. Тұсаукесерді мектептің жоғары сынып үздік оқушылары лентасын қиды.

Қазақы дәстүрмен шашу шашылып, музей бойынша экскурсияны оффлайнда форматында өтті.

Іс-шара: «Жақып Ақбай және Алаш зиялылары: Бір мақсат, бір мүдде» республикалық ғылыми-практикалық конференциясымен жалғасты. Қарағанды облысының мектеп мұғалімдері онлайн қатысып отырған конференция жұмысына белгілі алаштанушы ғалымдар Нұрсахан Ахматқызы, Сағымбай Жұмағұлұлы өздерінің осы тақырып аясында өзекті ойларымен бөлісті.

b953c0ae-a237-471d-893d-fb6b4d5b2f42.jpg

Жақыптануда ойып тұрып орын алатын ғалым Зарқын Тайшыбайдың конференцияға арнап жіберген мақаласы оқылды. Онлайнмен облысымызда Жақып Ақбай атында Ақтоғай ауданында жалғыз мектептің тыныс-тіршілігімен таныстық.

Конференция модераторы №34 мектептің директоры Жанат Берлібеков сөз соңында, мектепке Алаш қайраткері Жақып Ақбай атын беру турасында және «Жақыптану» курсы бойынша жұмыстар жасалып жатқанын айтты.